Курстық жұмыс: Экономика | Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі | Qazbrand.info

МазмұныКіріспе 3
І. Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі 5
1.1. Тәуекел мәні және функциялары 5
1.2. Тәуекелдердің жіктелуі 8
ІІ. Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін және тәуекелін талдау 16
2.1. Кәсіпорынның қызметін және техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау 16
2.2. Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау 20
ІІІ. Тәуекелдікті төмендету жолдары 28
3.1. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдікті төмендету жолдары 28
Қорытынды 38
Қолданылған әдебиеттер тізімі 39

Кіріспе
Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тәуекелді бағалау және есептеу мәселесі басқарудың тәжірибесі мен теориясының құраушы бөлігі ретінде өзіндік теоретикалық және қолданбалы маңыздылыққа ие болады.
Басқарушылық шешімдердің көбісі тәуекелділік жағдайында қабылданады және оны бірқатар факторлар сипаттайды – толық ақпараттың жоқтығы, қарсы тенденциялардың бар болуы, кездейсоқтық элементтері және тағы басқалар.
Бизнес әлемінде сәттілік шешуші түрде кәсіпкерлік қызметтің таңдаған стратегиясының негізділігі және дұрыстылығына байланысты. Сондай-ақ критикалық жағдайдың ықтималдығы ескерілуі тиіс. Кәсіпкерлік қызметті тәуекелдіксіз көзге елестету мүмкін емес.
Тәуекелсіз бизнес мүмкін емес. Тәуекелдің күшеюі – кәсіпкерлік тәуекелдіктің екінші қарама-қарсы жағы, сол үшін өзіндік өтем.
Нарықтық қатынастар жағдайында өмір сүру үшін техникалық жаңашылдықтарды енгізуге және батыл іс-әрекеттерге бару керек, ал ол тәуекелдікті күшейтеді.
Осыдан мынадай шешімге келуге болады – кәсіпкер тәуекелдіктен қашпауы керек, оны азайту үшін тәуекел деңгейін бағалай білуі керек.
Кәсіпкердің ең маңызды мінез-құлық ережелерінің бірібылай: «Тәуекелден қашпау, одан да оны мүмкіндігінше төмен деңгейге түсіруге тырыса отырып, оның алдын ала білу».
Жоғарыда айтылғаннан осы курстық жұмыстың негізгі міндеттері мен мақсаттары туындайды:
– қазіргі заманғы экономикалық фактордың сипаты ретінде тәуекелді есепке ала отырып, экономикалық үрдістердің сандық және сапалық қасиеттері туралы білімді кеңейту және тереңдету;
– тәуекелді ескеретін экономика-математикалық модельдерді пайдалану, талдау және құрастыру методикасы мен методологиясына ие болу;
– шешім қабылдау кезінде экономикалық тәуекелді өлшеу және моделдеудің қарапайым түрлерін оқу;
– тәуекелді төмендету жолдарын анықтау және оны іс жүзінде пайдалану.
Курстық жұмыстың құрылымына келетін балсақ, бірінші бөлімінде – тәуекелдің мәні, функциялары және жіктелуі, яғни қандай жағдайда тәуекелдің қай түрі пайда болатындығы, екінші бөлімінде – тәуекелдікті талдау, яғни берілген кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасалады және оның тәуекелі бағаланады, үшінші бөлімінде – кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдікті төмендету жолдары қарастырылған.
І. Тәуекел мәні, функциялары және жіктелуі
1.1. Тәуекел мәні және функциялары
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел табиғи түрде менеджментпен, оның барлық функцияларымен, жоспарлаумен, оперативті басқарумен, экономикалық бақылаумен, персоналды басқарумен түйіндес. Бұл функциялардың әрқайсысы тәуекелдің белгілі бір өлшемімен байланысты және оған шаруашылық жүргізудің икемді жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Яғни тәуекелдің ерекше менеджменті немесе тәуекелдің экономикалық мәнін тануға, кәсіпкерлік қызметтегі оған қатысты стратегияны дайындау және іске асыруға негізделген басқарудың ерекше жүйесі қажет.
Экономикалық ортада тәуекел әрдайым орын алса да, ол жеткілікті зерттелмеген. Ол бұл категорияның ұзақ уақыт теориялық зерттеу объектісі ретінде емес, практикаға қатысты қарастырылғанымен түсіндіріледі. Соңғы он жылдықта жағдай өзгере бастады: бұл нәрсе жоғары назар объектісіне айналды, ал экономикалық реформалардың басталуы – біздің зерттеу объектімізге.
Әдетте тәуекелді ресурстардың немесе табыстың шығынына әкеліп соғатын шаруашылық жүргізудің жағымсыз экономикалық салдарымен байланыстырады. Тәуекел көздері мен факторларын зерттеу арқылы оны болдырмауға, ондай аймақтан кетуге болады.
Егер шаруашылық тәуекел тек теріс нәтижелермен байланысты болса, онда кәсіпкердің оған дайындығын түсіндіру мүлдем мүмкін емес. Негізінде кәсіпкер мүмкін шығындарға қарамастан тәуекелге береды, себебі мұнда күшті ынталандырғыш бар – жоғары табыс, өзіндік кәсіпкерлік табыс. Әдетте инновациялық кәсіпкерлік формадағы табыс қарапайым табыстан жоғары болады.
Нарықтық экономика жағдайындағы тәуекел – кәсіпкерліктің маңызды элементі. Ақытында тәуекелге баратын кәсіпкер көбінесе сыйға ие болады. Тәуекел деп сәтті орайға сеніммен сәттілікке әрекетті санау қабылданған. Тәуекелдің өзіндік ерекшеліктері – белгісіздік, кенеттілік, сенімсіздік, сәттілік келеді деген болжам.
Саяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайында тәуекелділік дәрежесі бірталай өседі. Қазақстан экономикасының қазіргі дағдарысты жағдайында тәуекелділіктің күшеюі аса маңызды және ол өнеркәсіп кәсіпорындарының зияндылығынң өсуі туралы мәліметтермен анықталады.
Тәуекелділік – бұл жоспарларды іске асыру және кәсіпорын бюджетін пайдалану барысында қолайсыз жағдайдың болу мүмкіндігі. Тәуекелділіктің 2 функциясы ажыратылады: ынталандырушы және қорғаушы.
Ынталандырушы функциясының 2 аспектісі бар: конструктивті және деструктивті. Біріншісі, тәуекел экономикалық, әсіресе инновациялық, инвестициялық мәселелерді шешкенде, католизатордың ролін атқарғанда айқындалады. Екінші аспект негізсіз тәуекелмен шешім қабылдау және іске асыру авантюризміне әкеліп соғуымен айқындалады. Авантюризм – алға қойылған мақсатты іске асырудың мүмкін еместігінің маңызды ықтималдығынан тұратын тәуекелдің объективті бір түрі, бірақ ұндай шешім қабылдайтын тұлғалар оны сезінбейді.
Қорғаушы функциясының да 2 аспектісі бар: тарихи-генетикалық және әлеуметтік құқықтық. Біріншісінің мазмұны адамдардың әрқашан мүмкін салдардан қорғанудың формасын және шараларын стихиялы түрде іздейтіндігінде. Тәжірибеде бұл сақтандыру резервтік қорын құруда, кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыруда көрініс табады. Екінші аспектінің мәні тәуекелдің заңдылық категориясын шаруашылық, еңбек, қылмыстық заңдарға енгізудің қажеттілігінде.
Тәуекелге тән сипаттың қатарынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:
– қайшылықтылық;
– баламалылық;
– белгісіздік.
Қайшылықтылық бір жағынан, тәуекел қоғамдық техникалық прогресті жеделдететіндіктен, қоғадық ой пікірге және қоғамның рухани жағдайына позитивті әсер ететіндіктен маңызды экономикалық, саяси және рухани-өнегелік салдарға ие болуында көрінеді. Екінші жағынан, егер толық емес бастапқы ақпарат, тәуекелділік жағдайы шартында балама шешім қабылдауға қатысты құбылыстың дамуының объективті заңдылығын есепке алмай таңдаса, тәуекел авантюризмге, валютаризмге, субъективизмге әкеліп соғады, әлеуметтік прогресті тежейді, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және моральдық шығындарды тудырады.
Баламалық шешімнің екі немесе бірнеше мүмкін нұсқаларын таңдаудың қажеттілігін болжайды. Таңдау мүмкіншілігінің жоқтығы тәуекелділік жайлы алып тастайды. Таңдау жоқ жерде тәуекелділік жағдай да туындамайды, яғни тәуекел де болмайды.
Тәуекелдіктің болуы белгісіздікпен тікелей байланысты. Ол пайда болу формасы бойынша және мазмұны бойынша біржақты емес. Тәуекел анықты білмеуді, бір мағыналықтың жоқтығын білдіретін белгісіздікті шешу тәсілдерінің бірі болып табылады. Тәуекелдің осы қасиетіне екпінді назар аударылуы тәжірибеде белгісіздіктің объективті және субъективті көздерін елемей басқару мен реттеуді іске асырудың келешегі жоқтығымен байланысты маңызды болып табылады.
1.2 Кәсіпкерлік тәуекелдердің жіктелуі
Экономикалық тәуекелдердің жіктелуінің әртүрлі нұсқалары тәуекелділік ретінде қабылданатын белгілі бір нәтижеге әртүрлі қатынасты шарттайтын нарықтық экономиканың базисті қағидаттарынан құралады. Сондай қағидаттарға мыналар жатады:
– тұтынушылық таңдау мен мінез-құлық еркіндігі (тұтынушылық тәуекелділік);
– кәсіптік қызметтің таңдау еркіндігі (кәсіптік қызмет тәуекелдігі);
– кәсіпкерлік еркіндігі (кәсіпкерлік тәуекелділік);
– нарықтың барлық қатысушыларының рационалды мінез-құлқы, яғни олардың өз пайдасын іске асыруға ынталануы (минимум шығын – максимум пайда). Ұзақ мерзімді кезеңде басқа себептермен басқарылып экономикалық шешім қабылдайтын нарық субъектілері рете не кеш қайыршылық күйге түседі;
– нарықтың барлық субъектілері шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануға тырысатын экономикалық ортаның мұндай ұйымында қоғамдық жігерді барынша күшейту (басқаларға зиянн тигізбей табысты барынша көбейту).
Тәуекелділіктерді әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: пайда болу сипаты; кәсіпкерлік функционалды салалары мен түрлері, ареал мен масштаб; проблеманы шешу кезеңдері; әсер ету ұзақтығы, сақтандыру мүмкіндіктері, мүмкіншілік деңгейі және тағы басқалары. Кәсіпкерлік тәуекелдіктердің түрлері 1.1-кестеде көрсетілген.
1.1-кесте. Кәсіпкерлік тәуекелдіктердің түрлері
Жіктелу белгілері Тәуекелдік түрлері Тәуекелдіктің сипаттамасы
1 2 3
Пайда болу табиғаты Субъективті (кәсіпкердің жеке басымен байланысты) Тәуекелге деген дамымаған қабілет; білім, тәжірибе, кәсіпқойлықтың жетіспеуі; негізсіз амбициялар; нарықтағы мінез-құлық ережелерін бұзу; келісімді жеткілікті түсінбеу және тағы басқалары.
Объективті Ақпараттың жеткіліксіздігі; апаттар; инвестициялаудың, салық салудың, несиелеу шартының, заңдардың, ақпарат деңгейінің, нарық коньюктурасының кенет өзгеруі және тағы басқалар.
Мәселенің шешілу кезеңіне байланысты Шешім қабылдау кезеңінде Ақпараттың жеткіліксіздігінен, оның сапасының төмендігінен немесе жалған хабарды пайдаланудан тәуекелдіктің деңгейін анықтау тәсілін пайдаланудағы қателік; немесе керісінше, бұл тәсілдерді жақсы иелену.
Шешімді іске асыру кезеңінде Дұрыс шешімді іске асырудағы қателіктер, субъективті шарттардың кенет өзгеруі.
Масштаб бойынша Жергілікті, жеке өндіріс деңгейінде Жеке фирмалардың (кәсіпорынның, оның құрылымдық бөлімдерінің) тәуекелдігі.
Салалық Саланың ерекшелігімен байланысты тәуекелдік
Аймақтық ҚР-дың, елдің экономикалық аймақтарының субъектілерінің территориясы деңгейінде кәсіпкерлікті қамтиды.
Ұлттық Кәсіпкерлікті макроэкономика (салық салудағы, несиелеудегі, заңдардағы, саясаттағы кенет өзгерулер нәтижесінде) деңгейінде қамтиды.
Халықаралық (еларалық) әлемдік нарық коньюктурасындағы өзгерістермен, елдер арасындағы қарым-қатынастармен, масштабты апаттармен байланысты.
Пайда болу ортасына байланысты Сытрқы Экономикалық саясаттағы, өндірістің макрошарттарындағы кенет өзгерістер; үлкен территориялардағы апаттар; валюталық тәуекел және тағы басқалар.
Ішкі Кәсіпорынның мамандануымен байланысты тәуекелдіктер: өндірістік, қаржылық, сақтандыру.
Сақтандыру мүмкіндігі бойынша Сақтандырылатын Сақтандырушылардың тәуекелін өзіне алатын ұйымдармен сақтандыруға және сандық анықтауға берілетін.
Сақтандырылмайтын Деңгейін бағалау мүмкін емес форс-мажорлы тәуекелдер, сондай-ақ сақтандырушының тәуекелін.
Кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша Қаржылық Фондтық нарықтағы тәуекелдік: өтімділік, ақпараттық, валюталық және тағы басқа; банктік-несиелік, пайыздық, портфельдік; жалпы нарықтық бағалаудың төмендеуі (инфляциялық); банк клиентінің ерекшелігімен байланысты лизингтік және факторингтік тәуекелдіктер.
Заңдық Заңдардағы кенет өзгерістермен және заң шығаратын актілердің сапасының төмендігімен түйіндес.
өндірістік өндірістегі мәжбүр болатын үзілістермен, өндірістік қорлардың істен шығуымен, айналым құралдарынан айырылумен, шикізат, құрал-жабдықтардың уақытылы жеткізілмеуінен және тағы басқалары.
Коммерциялық Нарық коньюктурасының және басқа да коммерциялық қызметтердің шарттарындағы кенет өзгерістер салдарынан
Инвестициялық Инновациялық қызметтегі, инвестициялық ортадағы күтпеген жағдайлармен, белгісіздіктермен сипатталады.
Сақтандыру Сақтандыру қорын құру, басқару, сондай-ақ меншік мүлікті, ақша қаражаттарын және персоналды басқару.
Инновациялық Инновациялық ортадағы белгісіздіктерден туындайтын (инновациялық идеяның туындауынан, оны өнімде немесе технологияда іске асырудан бастап, сәйкес өнімді нарықта өткізумен аяқтау).
Әртараптандыру мүмкіндігі бойынша Жүйелі Кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір ортасына тән (бұлай жалпы құнды қағаздарлың бағасының төмендеуінің тәуекелділігі фондтық нарықта жүйелі саналады).
өзіндік Берілген қызметтік ортада нақты операциядан кәсіпкерлік табыс алумен байланысты.
Мүмкіншілік деңгейі бойынша Минималды Есепті көрсеткіш табыстың 0-25% -ға дейін жоғалтулар болуы мүмкін деңгейімен сипатталады.
Жоғары Есепті көрсеткіш табыстың 25-50%-дан жоғары болмайтын жоғалтулар.
Критикалық Есепті көрсеткіш табыстың 50-75%-ға дейін жоғалтулар.
Жіберуге болмайтын Мүмкін болатын жоғалтулар жеке құралдар мөлшеріне жақын, яғни фирманың банкротқа ұшырау қаупі бар тәуекел деңгейінің пайызы 75-100-ге тең.
Тәуекелдің ғылыми негізделген жіктелуі олардың әрқайсысының жалпы жүйедегі орнын анықтауғы мүмкіндік береді. Әрбір тәуекелге бару тәсілінің жүйесі сәйкес келеді. Мүмкін нәтижеге байланысты тәуекелді 2 үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивті.
Таза тәуекел теріс немесе нөлдік нәтиже алу мүмкіндігін білдіреді. Оларға мына тәуекелдер жатады: табиғи-жаратынды, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелдердің бөлігі (мүліктік,өндірістік, саудулық).
Спекулятивті тәуекелдер оң және теріс нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Берілген топқа коммерциялық тәуекелдердің бөлігі болып табылатын қаржылық тәуекелдер де жатады.
Пайда болуының негізгі себептеріне (базисті немесе табиғи тәуекел) байланысты тәуекелдер былай бөлінеді: табиғи-жаратынды, экологиялық, саяси, транспорттық, коммерциялық.
Табиғи-жаратынды тәуекелдерге табиғи апаттарға байланысты тәуекелдер (жер сілкінісі, су тасқыны, боран, өрт, эпидемия) жатады.
Экологиялық тәуекелдер – қоршаған ортаның ластануымен байланысты тәуекелдер.
Саяси тәуекелдер мемлекеттің қызметімен және елдегі саяси жағдайлармен сипатталады. Олар басқарушы субъектіге байланысты емес себептермен өндірістік-саудалық процестің шарттары бұзылғанда пайда болады.
Транспорттық тәуекелдер – көлікпен жүк тасымалдаумен байланысты тәуекелдер.
Коммерциялық тәуекелдер қаржылық-шаруашылық қызмет процесінде жоғалту қаупін сипаттайды. Олар берілген коммерциялық қызметтегі нәтижелердің белгісіздігін білдіреді. Құрылымдық белгілері бойынша тәуекелдер мүліктік, өндірістік, саудалық, қаржылық болып бөлінеді.
Мүліктік тәуекелдер кәсіпкердің мүлкін ұрлату, диверсия, немқұрайлық, техника мен технологиялық жүйенің аса кернелуі мүмкіндігімен байланысты.
Өндірістік тәуекелдер – айналым немесе негізгі қорлардың бұзылуымен немесе істен шығуымен байланысты тәуекелдер, сондай-ақ өндіріске жаңа техникалар мен технологиялар енгізумен байланысты тәуекелдер.
Саудалық тәуекелдер төлемдер бөгелісінің тауарды тасымалдау кезінде төлеуден бас тартудың, тауарды жеткізбеудің салдарынан пайда болады.
Қаржылық тәуекелдер қаржылық ресурстардың, яғни ақша қаражаттарының жоғалу мүмкіндігімен шартталады. Бұл тәуекелдер 2 түрге бөлінеді: ақшалардың сатып алу қабілетімен байланысты тәуекелдер және капитал салумен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер). Біріншіге мыналар жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер және өтімділік тәуекелдер.
Инфляциялық тәуекел – инфляция өскенде алынған ақшалай табыстар нақты сатып алу қабілеті көзқарасымен өскеннен гөрі тез құнсызданады. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты жоғалтуларға ие болады…………

© Курстық жұмыстың толық нұсқасы

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар