Жариялық немесе халықтық дипломатия

Жариялық немесе халықтық дипломатия

Жариялық немесе халықтық дипломатия — осы көпқырлы құбылыстың тағы бір түрі. Кейбір авторлар ол XX ғасыр басында мемлекеттің сыртқы саясатын толық жариялық жағдайында жүзеге асыруы барысында пайда болды дейді. Осы орайда бұл ұғым демократиялық немесе ашық дипломатия ұғымдарымен сәйкес келеді. Халық дипломатиясының дамуына және қалыптасуына эсер еткен басты факторлардың бірі халықаралық қатынастардың жаңа акторларының — үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйымдар, трансүлттық корпорациялар, бұқаралық ақпарат құралдары және жеке тұлғалардың пайда болуы.

Басқа көзқарасқа сәйкес халықтық дипломатия — АҚШ-тың мәдени алмасу, сыртқы саяси мақсаттағы үкіметтік тапсырмаларды орындауға қоғам мүшелерін (журналистерді, ғалымдарды, дәрігерлерді, қылқалам шеберлерін, жазушыларды және басқа да өкілдерін) кеңінен тартуға бағытталған сыртқы саяси доктринасының бір бөлігі болып табылады. Бұл түрі «мәдени дипломатия» деп те аталады. Мәдени дипломатия шетелдерде өз елінің мәдени, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық жетістіктерін жүзеге асыруға бағытталады. Кей жағдайларда мәдени дипломатияны іске асыруды ерекше ұйымдар өз қолына алады (Британ Кеңесі, Әлем корпусы).

Ілмексөз: халықтық дипломатия

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: