Бүтінбаев Нұржан – Ол енді жоқ… | Qazbrand.info

Ол енді жоқ…

Ол енді жоқ …
Маған мәңгі болды арман.
Армандаумен өтер ме екем жалғаннан ?
Бағаламас баға жетпес сезімді,
Құдай – ау ол құлаққа ілмес сөзімді,
Тауысатын таусылмайтын төзімді,
Күндерім ай… соған бола қор болған.

Ең аяулы арманына алданған,
Бағаланбай бар сезімі сор болған,
Аяп тұрмын жүрегімді қор болған,
Қайда барсам қайғы торлап түрімді,
Күндерімді ұмыта алмай бұрынғы,
Көрмесін деп көзімдегі мұңымды,
Жанарымды алып қаштым ол жаннан.

Көңілімде қалып қойып бір ұшқын,
Өз – өзімді кінәладым, ұрыстым…
Содан барып басын бастап бір істің,
Сол адамды тұрған маған әлем боп,
Қалай сүйсем дәл солай жек көрем деп,
Тым болмаса амандасып сәлем деп,
Көрген сәтте сөйлемеуге тырыстым.

Ол енді жоқ…
Жоқ болуға шақ қалды…
Бірнеше күн, бәлкім бірер сәт қалды,
Меніменен ниеті бір тілегі,
Жақын деген жақынымның бірі еді,
Дамыл көрмей сол деп соққан үнемі,
Жүрегімде өзі жаққан от қалды.

Ол енді жоқ…
Айырылыстық тағы да,
Қайғы сыйлап кетті менің жаныма,
Тағы менің тарылды ма өрісім,
Өкінемін сонда менің ол үшін,
Бір теңгелік құным болмағанына…

 

© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар