Өлең: Қалижан Бекқожин (Азатпын сол шаққа) | Qazbrand.info

Көремісің күн сүйген шың басынан,
Таңғажайып әлемді тың ашылған?
Көремісің теңіздің құдіретін,
Толқындаған айбынды тұлғасынан?
Құзыңнан да биікке астым міне,
Қалың толқын қауыммен бастым бірге,
Көріп тұрмын әлемді таң-тамаша,
Ертегідей көрінген жас күнімде.
Толқыныңнан айдында тез есемін, —
Шақырып тұр алдымда келешегім.
Компартия нұсқады — келер күннің
Кең жұртымен қазір де кеңесемін.
Туымыздың өрнегі — еңбек, ерік…
Кеудемізді келеміз кең көтеріп.
Адамзаттың арманы шешек атты
Алтын орман секілді сәулет беріп.
Атом-кеме секілді тіліп өтіп
Біз келеміз мұз тауды дүбірлетіп.
Коммунизм көтерді мұнарасын,
Капиталдың іргесін дірілдетіп.
Жарығымыз пара-пар күн көзімен,
Күн сәуледен нұр алсын күллі езілген, —
Дүниеге жақтық біз бақ жұлдызын,
Жарқыратып Лениннің күмбезінен.
Асуымыз — дауылды, алып құздар
Артымызда — жеңістен алтын із бар.
Коммунизм туында бәріміздің,
Коммунист деп жазылған атымыз бар



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: