Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Каспий банктегі несиелік операциялардың есебін ұйымдастыру жолдары | Qazbrand.info

Мазмұны
КІРІСПЕ

1 ТАРАУ.НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ…………
1.1 Несие қызметтері және формалары…………………………………………………….
1.2.Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі………………………………………
1.3 Қазақстанның банктік секторындағы несиенің түрлері……………………….

2.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ…………………………………………………………………………………………….
2.1. Банктік несиелеуді ұйымдастыру……………………………………………………….
2.2. Шағын бизнесті дамытудағы несиелеудің кеңеюі……………………………….

ЌОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………..
ПАЙДАЛАНЃАН ЄДЕБИЕТТЕР………………………………………………………………….

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, нарықтық экономикаға жол ашты. Еркін экономика кезінде, алғашқы жылдары әлеуметтік – экономикалық нарықтық қатынастарда әр түрлі қиындықтарды, дағдарыс кезеңін бастан өткерді. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда – экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өршей түскінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.
Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселерінің бірі, қаржы – қаражат саласындағы нарықтық кезеңге бейімді, тұрақты несие жүйесінің құрылуы болып табылады.
Қолда бар ақша – қаражатсыз кәсіпорындар аяқтан тұра алмайды. Сондықтан, қолма – қол ақшасыз дамып кетудің бір жолы — банктік несиелерді кеңейту . Олар арқылы шағын, орта, ірі инвестициялық жобаларға банктерден қысқа, орта және ұзақ мерзімді несиелердің қолайлы пайыздық қойылымдарымен қанағаттандыру керек.
Несие жүиесі – жалпы банктердің (ұлттық және комерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.
Несие жүиесі ұғымы банк жүиесіне қарағанда кеңірек , яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады .Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүиесінің құрылымы қалыптасады .
Экономиканың нақты секторындағы сырттан тараған қаражат — қазіргі Қазақстан қоғамының ең бастапқы тапсырмасының бірі болып табылады. Осыдан банктік жүйенің дамуы мен тиімді жүйелерінен экономика секторының барлық салаларының дамуына ықпал етеді.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесінде себепші болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылады
Несиенің түрі — бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады
Несие құрылымында мерзім бойынша өсім ұзақ және орта мерзімде жүріп жатыр. Негізінен тез арада көңіл аударатын депозиттердің және олардың ұзақ мерзімге берілуіне байланысты өсті. Несие мерзімінің ұзаруы нақты сектор субъектілеріне айналым қорын қаржыландыруды шектемеуге және өндірістік мәселені шешу үшін несие ресурстарын қайта бағыттауына рұқсат берілуі керек.
Экономика нақты секторын несиелеудің жалпы өсімінде теңгемен орта және ұзақ мерзімді несиелердің озық өсімдері белгіленген. Экономика саласы бойынша несие өсімінің қарқыны өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, құрылыста, транспорт пен байланыстарда басқа экономика секторындағы несие өсімінің қарқынын басып озады. Қазіргі уақытта негізгі масса банк арқылы берілген несиелерді айналым капиталын толықтыруға қарыз алушылар қолданады. Несиелеу мерзімі әр түрлі, бірақ олардың ұзақтығы негізінен үш айдан өндірісік циклдың өткізу саясатына, жеткізушінің есеп айырысу қызметінің себептеріне байланысты ұзарады.
Банктік несиенің дамуы экономикалық өсімді қаржыландырудың негізгі факторы боып қатысады. Қазіргі уақытта елімізде әлемдік тұрғыда өндірісті несиелеуге оңтайлы жағдайлар жасалуда, бірақ олар қолдануда өте шектеулі. Бұл банктік жүйе мен несиелеудің дамуына кедергі келтіретін факторлармен байланысты. Сол факторлар экономиадағы құрылымдық қайта құруды тежей отырып, банктік сектордан шығатын несиелік және валюталық тәуекелділікті күшейтеді. Осы тақырыпта банк несиесінің даму сатылары және оның айна-лыс дәрежесі, сонымен қатар олардың кеңею жолдарын қарастырады.
Мұнда, менің қорғайтын тақырыбымның мақсаты Казақстан экономикасындағы кәсіпкерліктер, шағын, орта және ірі бизнестерге банктер арқылы несиелер қандай түрде, қандай мерзімге және қалай берілетін жөнінде статистикалық мәліметтер арқылы талданып жазылған банктердің несие беруінің кеңеюін кең көлемде ашып айту.

1.ТАРАУ. НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.

1.1 Несие қызметтері және формалары

Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидумдардың қолдарына тиместен бұрын айырбасты бастауға болмайды. Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт, өндірісте тікелей бар болады немесе онымен анықталады.
Өз кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен және бір-бірімен өзара әрекетте болады; өндіріс осы бөліктермен анықтала алады. Мысалы нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас сферасы, өндіріс көлемі өседі және оның дифференциациясы тереңдей түседі. Үлестірудің өзгерісімен өндірісте өзгереді, мысалы капиталдың шоғырлануымен, қала мен ауыл арасындағы әр түрлі үлестірумен т.б. несие үлестіруімен байланысты, бірақ үлестіру қатынасын білдіреді. Үлестіруге екі маңызды жағдай тән: біріншісі – үлестіру пропорцияны белгілейді, онда әрбір индивидум өндірілген өнім қатысады; екінші – ол қоғамнан келіп шығатын көз ретінде анықталады.
Айырбастың үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол индивидумға үлестіру кезінде алған бөлігін айырбастағысы келетін бір өнімдерге қол жеткізеді, екіншіден айырбас жекелеген қажеттіліктерге сәйкес бөлініп қойғанды қайта бөледі, сонымен бірге индивидуумнан шығатын кез ретінде анықталады. Үлестіру фазалары және айырбас арасындағы айтылған айырмашылықтар ұдайы өндіріс қатысушылары арасындағы айырбас процесінде қалыптасатын қатынастарды негіз деп есептеуге мүмкіндік береді. Алдағы көрсеткеніміздей үлестіру саласынды тек өнімді үлестіру ғана жүзеге асады, өнім ұдайы өндіріс процесі субъектілерінің үлесіне түседі, өндіріс сияқты үлестіру процесіне қатысты несие пассивті дегенді білдірмейді, керісінше ол олардың жылдамдатылуына көмектеседі. Несиенің ұдайы процесінде бұлай әсер етуі өнім өндіріліп және ұдайы өндіріс субъектілерінің игілігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында субъектілерінің біреуінде қозғалысы тоқтаған уақытша босаған құн мен басқа субъектінің оны қосымша пайдалану қажеттілігі арасында қарама-қайшылық пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс пен үлестіруден шыға отырып қайта бөлу категориясы ретінде өзінің дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде болады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесінде себепші болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылады. Сатушы тұтыну құны ретіндегі тауарды шеттете отырып, оның өзіндік айырбас құнымен және ақшаның тұтыну құнын жүзеге асырады. Бұған керісінше, сатып алушы айырбас құны ретінде ақшаны иелігінен шығара отырып ақшаның тұтыну құнын және тауардың бағасын өткізеді. Осыған сәйкес тауар мен ақша орындарының ауысуы жүреді. [3, 269 б ] Осылайша екі жақты полярлы қарама-қайшылықтың жанды процесі енді қайтадан өз барысында тағы да екіге жарылады. Сатушы шын мәнінде тауарды өзінен шеттетеді, бірақ оның бағасын бастапқыда тек идеалды түрде ғана белгілейді. Ол тауарды өз бағасы бойынша сатты. Алайда ол баға тек кейінірек, белгіленген мерзімде өткізіледі. Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының кейінге қайтарылуы құн қозғалысың сатып алу-сатудан дербес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондыөтан қарыз мәмілесін сатып алу-сату мәмілесінің бір түрі деп ойлауға болмайды.
Айырбастың екі контрагентінің бірегей келісі ретінде алынған сатып алу-сату мәмілесі олардың арасында кездейсоқ, өткінші байланысты жүзеге асырады. А тауарды В тауарға береді және одан ақша алады. Олардың арасында тікелей байланыс тек тауарлар мен ақшалар қозғалысы мерзімінде ғана орнатылады. Тұтастай алғандағы сатып алу-сату мәмілесі барлық қоғамда барлық тауар иелерін байланыстырушы фактор қызметін атқарады, бірақ бұл мәміле өзінің жекелеген көріністерінде кездейсоқ, өткінші байланысты жасайды. Әрбір қарыз мәмілесі, тіпті жеке алынғаны да, басқа осындай мәмілелермен немесе экономикаплық қатынастырдың басқа формаларымен байланыстан тыс мәміленің контрагенттері арасында ұзаққа созылған қатынасқа көшеді. Өзара ынтымақ, мақсаттың бірлігі пайда болады.
Сатып алу-сату мәмілесі кезінде тұтыну құнының қозғалысы жүреді, ал құн мәмілесі контрагенттерінің қолында қалады. Қарыз мәмілесі кезінде тұтыну құнының ғана қозғалысы жүріп қоймайды. Біз жай тауарлар туралы, тап осындай тауар туралы, айтқанда сатып алушы қолында бірдей құн қалады, бірақ әр түрлі формада; сауда мәмілесіне дейін де және одан кейін де олардың қолында иеліктерінен шығарған құн болады, бірақ біреуінде ол тауар формасында, басқасында ақшадай формада болады. Қарыз кезінде ақшалай капиталист бұл мәміледе құнды беретін жалғыз тұлға болып табылады; бірақ ол оны артынан оның қайтып келуі арқасында ғана сақтайды. Қарыз кезінде тек бір тарап қана құнды алады, өйткені оны бір тарап қана береді. [3, 403 б ]
Сатып алу-сату мәмілесі кезінде меншік қозғалысы жүреді: А тауарды В тауарға сатады. Бұл мәміленің нәтижесінде тауарға меншік А-дан В-ға өтеді. Ал қарыз мәмілесі кезінде меншік қарыз берушіде сақталады: А В-ға қарыз береді. Бұл мәміле нәтижесінде құн А-дан тауар В-ға орын ауыстырады, бірақ бұл мәміленің объектісіне меншік А-да сақталады. Осылайша, сатып алу-сату мәмілесі меншіктің оны пайдаланумен сәйкес келуін ұйғарады; қарыз мәмілесі меншіктің оны пайдаланудан айыру мүмкіндігіне негізделген. Сатып алу-сату мәмілесі кезінде меншік және иелену сәйкес келеді, қарыз мәмілесі кезінде меншік иеленуден бөлектенеді. Сатып алу-сату мәмілесі кезінде ақша айналыс құралы ретінде қызмет етсе, ал қарыз актісінде олар оны аяқтайды. Сатып алу-сату мәмілесінде сатушы ақшаның көмегімен қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін, тауарын ақшаға айналдырады, ал қарыз актісінде ақша құн формасы ретінде мәміле мақсаты болады. Ақша қарыз мәмілесінде сатып алу-сату актісіне қарағанда, басқа қызмет атқаратыны несиенің мәнін анықтау үшін үлкен маңызы бар. Ақша белгілі бір экономикалық байланыстардың заттық көрінісі болып табылады және олар өздерінің әрбір қызметтерінде бұл байланыстардың әр түрлі типтерін бейнелеп көрсетеді. Осыдан келіп, қарызды тауар айналысының формасы деп түсінетін болсақ, онда несиенің қарыз мәмілесі ретіндегі анықтамасы осы формаға ұқсас, яғни өндірістік байланыстың белгілі бір типі деуге болады.
Несиенің экономикалық категориясы ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттайды; оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы – қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды ұқсастығы олардың бір атауымен – несие – бекітіледі, бірақ әр түрлі дәуірлердің неиселік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.
Неисе шарцашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруашылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысың формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келеді. Несие айырбас професінің өндірістік байланысның типі, тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан-қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын әр түрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді. [ 4, 92 б ]
Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланылатын халық шаруашылығы құбылыстарының барлық жйынтығынің ішінен бәрінен бұрын қоғамдық өмірде несие деп аталатындары іріктелініп алынады; содан соң бұл құбылыстар талданады, тұмендегі белгілерге бөлінеді: біріншіден, олардың барлығына тән белгілері; екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталатын әлекметтік байланыстар: әр түрлі тарихи кезеңдерде, тауар шаруашылығының алғаш пайда болу кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар болды.
Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады: біріншіден, оның техникалық-заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден, әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер тұрғысынан. Бұл екеуі бір-бірінен бөлінгісіз, олар өзара байланысты және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің эконмикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастардың өзі болып табылады.
Бұл жағдайды былайша түсіндіруге болады. Мысалы, машина өндірісін таза техникалық тұрғыда, машина өндірісінің макроэкономикалық орта параметріне анағұрлым бейімделуін оның жұмыс және таза тнхникалық тиімділігі тұрғысынан қарастыруға болады; сонымен қатар, сол машина өндірісін оның әлеуметтік жағынанда қарастыруын, яғни машина өндірісінің негізінде пайда болатын және даитын өндірістік байданыстардың формаларымен типтері тұрғысынан, бұл бір жағынан, оларға себепші, ал екінші жағынан, олар оны анықтайды. Бірінші жағдайда – біз машина өндірісін техникалық – экономикалық категория, ал екінші жағдайда – экономикалық категория ретінде қарастырамыз.
Несиеге қатысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық – заңдылық белгілері жағынан тауарлар айналысы процесін жүзеге асыратын мәміленің белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында эконмикалық ұғым категориясы ретінде қабылданады.
Несие теориясы оны техникалық – заңдылық категория ретінде емес, қоғамдық – экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның формалды – заңдылық белгілері жағынан оқып – білудің несиелік мәмілені тек меншіктің қозғалысы әдісінің және оны иеленудің ереркшк түрі ретінде түсіну үшін маңызы бар. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік мәміленің ерекше техникалық – заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды.
Осылайша, несие – өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық категория. Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи категория екенін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар – жалпы тарихи категория. Несиенің және несилік қатынастардың пайда болуына табиғи негіз, тауар шаруашылығы болып табылады.
Тауардың пайда болуы екі жағдайда қатар жүреді. Біріншіден, тауар тек натуралды формасы және құны бар болған жағдайдағыны тауар бола алады. Тұтыну құндары өзінің екі жақты сипатына байланысты тауар бола алады. Біріншіден, олар бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болды; екіншіден, қандай да бір заттар бір-біріне тауар ретіндегі қатынаста болуы үшін оларды өндірушілер өздеріне де ортақ ерікті әрекетті, қз меншігіндегі тауарды иелігінен шығара отырып, басқа тауарды өзіне иеленуге ықыласы бар меншік иелері ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрулары қажет.
Тауардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарықта айырбас арқылы жүзеге асады. Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы зор. Оның пайда болуын ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер сферасының емес, такар иелері, экономикалық қатынасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған айырбас сферасының іздеу қажет.
Қолдан-қолға тауарлардың қозғалысы ретінде тауарлар айырбасы, қызметтер айырбасы несие жайындағы қатынастың пайда болуына негіз болып табылады. Осыған байланысты бір маманның мынандай пікірін атап өту артық болмайды: бірте-бірте айырбас саудаға айналды; сауда мен арнайы айналысатын адамдардың жаңа тобы – көпестер пайда болды; жылдың белгілі бір уақытында көпестер мен сатып алушылар кездесетін ерекше орындар пайда болды, жәрмеңкелермен, жалпы саудамен бірге алғашқы несие пайда болды. Ірі сауда жүргізетін адам үшін алған тауарлардың төлем мерзімімен сатып алу төлемінің мерзімі сәйкес келмеген жағдайлар болды. Егер саудагер тауарын сатудан бұрын оны сатып алуға тиіс болса, онда осы уақыт ішінде несие алуға деген қажеттілік, яғни бұл адамға қарыз беру мүмкіндігіне деген сенім пайда болады.
Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әлемде де орта ғасырлық қолөнер, крепоснойлық шаруашылықта да және дамыған тауар шаруашылығында кездеседі. Барлық кезде біз анағұрлым жетілген, бір қарыз мәмілесіне кездесіп отырдық, бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын, құқықтық хатталуы осы мәмілелер болып табылатын өндірістік қатынастардың әр түрлі шаруашылық жүйелерінде бір-бірінен өте қатты айырмашылықтары болады. [ 5, 162 б ]
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының балгілі бір тип. Сондықтан несие экономикплық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберәнде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына жатады.
Өндірістік қатынастар өз жиынтығында қоғамдық қатынастар, қоғам деп аталатындарды құрайды және сонымен бірге тарихи дамудың белгілі бір сатысында тұрған, өзіне тән ерекше сипаты бар қоғамды құрайды.
Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген несиелік қатынастар жекелеген тұлғалар мен кәсіпорындар, кәсіпорындар мен мемлекет, мемлекет пен …

© Дипломдық жұмыстың толық нұсқасы

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар