Дипломдық жұмыс: Менеджмент | Қонақ үй кешенінің даму переспективалары | Qazbrand.info

Мазмұны
Кіріспе 3
1. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУ ФАКТОРЛАРЫ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 5
1.1. Алматы қаласындағы қонақ үй шаруашылығының құрылу кезеңдері 5
1.2. Алматы қаласының қонақ үйлерінің жұлдыздық бөлінуі және классификациясы 9
1.3. Қазіргі нарықтық жағдайда Алматы қаласының қонақ үй шаруашылығының даму факторлары 16

2. «ДОСТЫҚ» ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ 23
2.1. Қонақ үйдің материалдық және өндірістік құрылымы 23
2.2. «Достық» қонақ үйінің басқару құрылымы мен олардың атқаратын қызметі 32
2.3 «Достық» қонақ үйінің персоналы 39
2.4. Экономикалық іс-әрекет анализі 42
2.4.1 Негізгі қызметтер 42
2.4.2 Қосымша қызметтер 46
3. «ДОСТЫҚ» ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНІНІҢ ДАМУ ПЕРЕСПЕКТИВАЛАРЫ 50
3.1. «Достық» қонақ үй кешенінің даму мәселесі 50
3.2. «Достық» қонақ үй кешенінің даму бағыты 52
3.2. «Достық» қонақ үй кешеніне анализ 58

ҚОРЫТЫНДЫ 61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 63
ҚОСЫМШАЛАР 65

Мемлекеттің бай тарихы, сирек кездесетін тарихи ескерткіштер, өзіндік ерекше мәдениет, саяси тұрақтылық сияқты факторлар Қазақстан Республикасында қонақ үй шаруашылығының дамуына жағдайлар туғызады.
Қонақжайлылық индустриясы – қонақжайлылық принциптеріне сүйенетін қызмет түрлерінен тұратын кәсіпкерлік саласы болып табылады. Ол қонақтарды күту мен қызмет көрсетумен байланысты қызмет көрсету нарығында маманданатын кәсіпкерліктің әртүрлі формаларына жалпы ортақ түсінік болып табылады. Айта кету керек, бұл саланың барлық іс-әрекетін қамтитын нақты бір термин жоқ. Бірақ қоғамдық тамақтандыру, орналастыру, көлік (тасымал) және демалыс (рекреация) сияқты негізгі бағыттарын бөліп қарастыруға болады.
Біздің еліміздегі қонақжайлық сонау ата-бабаларымыздан келе жатқан қасиет немесе салт-дәстүр деп айтуға болады. Қазақ халқы үйіне келген қонақты қарсы алып, барын дасатарханға қойып, шығарып салатын. Сол тәрбие, өнеге біздің халқымыздың қанына сіңіп, жылдан-жылға ұрпақтар арқылы беріліп келеді.
Еліміздегі жұмыс істеп жүрген отандық кәсіпорындар нарықтық экономика заңдарына бейімделуі қиын. Өйткені жаңадан құрылып жатқан менеджмент салалары, жаңа заманға сай техникалық іс-әрекеттерді талап етеді. Қазіргі нарықтың тиімді қызмет етуінің негізгі факторы болып барабар инфрақұрылымды құру қажет екені анық. Сондықтан да қызмет көрсету саласының, оның ішінде қонақ үй бизнесінің даму мәселесі тек қана қаржылық емес, жалпы экономикалық маңызды мәселеге жатады.
Жұмыстың өзектілігі. Бұл тақырыптың ерекшелігі, Алматы қаласында қонақ үй шаруашылығы Қазақстан қалаларының ішіндегі ең жақсы дамыған аймақ болып есептелінеді. Қалада бес жұлдызды және әлемдегі қонақ үй торларына да кіретін қонақ үйлер бар, бірақ кейбір қонақ үйлердің қызмет көрсету сапасы жұлдыздық дәрежеге сай емес және де мамандандырылған қызметшілер тобы жеткіліксіз болып жатыр. Қазіргі таңда Қазақстанда 690-нан аса қонақ үйлер бар, оның 100-ге жуығы осы Алматы қаласында оргаласқан. Алматы қаласы табыс табу, туристерді қабылдау және қызмет көрсету саласы жағынан бірінші орында деп айтуға болады.
Қазақстандағы қонақ үй бизнесі жоғарғы рентабельді және солай болып қала бермек. Қонақ үй кешені секторына инвестицияларды салу тиімді. Бірақ, жұлдызды отельдер санының өсуіне қарамастан, қонақ үй нөмерінің жетіспеушілігі өзекті болып қала бермек. Қазіргі таңда Алматы қаласында халқаралық қонақ үй торларына жататын төрт отель мен бес жұлдызды жәрежедегі бес қонақ үйі орналасқан.
Қазақстандағы ішкі және халықаралық туризмді дамыту мақсатында қазіргі қонақ үй шаруашылығының әлемдік нарығын зерттеу қажеттілігі, Қазақстандағы қонақ үй индустриясы жағдайын әлемдік стандарттармен салыстырып, қызмет көрсету саласын көтеру мүмкіндіктерін анықтау, аталған дипломдық жұмысты таңдау мен оның өзектілігін анықтайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып «Достық» қонақ үй кешенінің мысалында қонақ үй кешендерінің экономикалық іс-әрекетінің механизмі мен факторларын, кешенді талдау мен теориялық-әдістемелік зерттеу табылады.
Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері:
— қонақжайлылық индустриясы мен әлемдік қонақ үй кешені құрылуының тарихи аспектілерін зерттеу;
— заманауи қонақүй кешендерінің құрылуы мен дамуына және орналастыру құралдарын жүйелеу тәсілдеріне шолу жасау;
— Қазақстанда, әсіресе Алматы қаласында қазіргі қонақ үй бизнесінің қызмет ету тиімділігіне талдау жасау;
— нарықтық жағда йда қонақ үй кәсіпорындарының қызмет ету ерекшелігін анықтау үшін, «Достық» қонақ үй кешенін зерттеу;
— «Достық» қонақ үй кешенінің іс-әрекетіне талдау жасап, оның ерекшелігін анықтай отырып, Алматы қаласында қонақ үй базасының дамуына оң нәтижелері;
— Қазақстандағы қонақ үй бизнесіне кешенді талдау жасай отырып, оның негізгі даму тенденциялары мен перспективаларын анықтап қонақ үй кешені алдында тұрған негізгі өзекті мәселелерді анықтау;
— «Достық» қонақ үй кешенінің іс-әрекетін практикалық тұрғыдан зерттеу нәтижесінде нарықтық жағдайда қонақүй бизнесінің негізгі даму перспективаларын анықтау;
Зерттеу нысаны болып «Достық» қонақ үй кешенінің жағдайы мен менеджмент деңгейі табылады, зерттеу пәні болып нарықтық жағдайдағы Алматы қаласы мен Қазақстандағы қонақжайлылық индустриясының құрылу процесі, қызмет етуі мен дамуы табылады.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізі болып шетел, ресей және қазақстандық Р. Браймера, Дж. Уокера, В.Г. Гуляева, В.А. Квартальнова, Г.А. Папиряна, В.С. Семенова, А.Д. Чудновского, Л.Ф. Ходоркова, Р.А. Раев және т.б. ғалымдыр мен практиктардың еңбектері табылды.
Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінің, Алматы қаласының статистика басқармасының, «Достық» қонақ үй кешенінің өндірістік-шаруашылық әрекетінің қаржылық-экономикалық мәліметтері, монографиялар мен кезеңді баспа беттерінде зерттеу мәселелері бойынша жарық көрген мәліметтер, жеке бақылалау нәтижелері қолданылыды.
Алынған мәліметтер өңделіп, жүйеленгеннен кейін нарық жағдайында Қазақстанда қонақ үй бизнесінің дамуы мен қызмет етуінің объективті кешенді талдауы жүргізілді.

1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУ ФАКТОРЛАРЫ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

1.1 Алматы қаласындағы қонақ үй шаруашылығының құрылу кезеңдері

Қазақстанда қонақжайлылықтың құрылуы алғашқы ауылдардың дамуымен, көлік жолдарының және сауда қатынастыраның құрылуымен байланысты тереңде жатыр. Алғашқы қонақ үйлер б.э. бірінші ғасырында пайда болды. Феодализм дәуірінде, Жетісу өлкесі Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттарының құрамында болып, Іле Алатауы таулы өзен аңғарларында отырықшы елді мекендер мен қалалар пайда болды. Алғашқылары тұрақты қыстаулар орындарында, ал екіншілері көшпенділердің тұрақтайтын орындарында пайда болды. Әдетте, тұрақтайтын орындар керуен жолдарынынң қиылыстарында, ыңғайлы жерлерде орналасты. Біртіндеп бұл жерлерде қолөнершілер, саудагерлер орналасып, тұрақтайтын орын тек әкімшілік қана орталық емес, қолөнер мен сауданың шоғырланған жерінен қалаға айнала бастады [1].
Қазақстандық Жібек Жолы бөлігін зерттеушілер сол уақыттың саудагерлері мен саяхатшылары түйелермен үлкен керуенмен саяхаттағанын дәлелдейді. Әдетте, керуен жолдарының бойында немесе қалаларда шатырларда түнеді. Кейде, кереуен-сарайларда тұрақтайтын. Керуен – сарайлар керуендер үшін тұрақтайтын және сауда ауласы болатын. Қонақжайлық және ішкі аулалы екі түрі ең кең тараған. Қонақжайлық керуен сарайлар тік төртбұрышты, ішкі бөліктерге бөлінген ғимарат. Орта бөлігі адамдар мен тауарларға, ал шеткі бөліктері жануарларға арналған болатын. Керуен сарайлардың екінші типінде адамдарды орналастыру және тауарларды сақтау үшін ішкі тұйық аулаға ашық бір немесе бірнеше ярусты шағын орындар, ал жануарлар сыртқы аулада болатын. Жолдағы керуен сарайлар қорғаныштық қабырғалармен бекітілген. Бұл алғашқы қонақүй кешендері сауда мен түнеу орындары, адамдар мен жануарлардың демалатын орындары және қарақшылардан қорғайтын орын болатын. Сол кездегі Азияда жолаушыға ұсынатын жағдайлар Еуропадан асып түсетін, бірақ Шығыста керуен-сарайлар ақша табу мақсатында емес, сауданың дамуы мен саяхатшының демалысы мақсатын көздейтін [2].
8-10 ғғ. Алматының орнында саудагерлердің, көпестердің, саяхатшылардың демалысы үшін көзделген шағын елді мекендер болатын.
13 ғасырдың басында Жетісу өлкесі қиындықтарға душар болды. Монғол шабуылдары отырықшы егін шаруашылығына, қала мәдениетін жойып жіберді. Ұлы Жібек Жолы бойындағы ірі қалалар құлдырауға ұшырады, сауда керуендерінің қозғалысы қиындады, көптеген керуен-сарайлар жұмысын тоқтатты [3].
Бірақ та Қазақстанда Темір Хан тұсында сауда мен көлік жолдары дамыды. Алтын Орда тұсында көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнап, әскери әрекеттер аренасы кеңейіп, сауданың дамуымен жаңа қарым-қатынас жолдар салынды, керуен-сарайлар мен пошталық өткелдер салынды. өткелдік пунктер мен жаңа жолдарды дамыту мақсатында Темір Хан жергілікті халықтан арнайы салықтар (тағар, қалан, құшыр, алафе), ал жоғарғы шенді қонақтарға той өткізі үшін арнайы шылан-пұл салығы салынды [3].
15 ғасырлың соңы мен 16 ғасырдың басындағы тарих Қазақ хандығының пайда болуымен байлынысты. Бұл кезеңде тарихшылардың пайымдауынша, Алматы қаласы маңында отырықшы өмір тоқтамады. Бұл ауданда жазғы уақытта айырбас сауда қарқынды дамыды, сәйкесінше керуен-сарайларда өмір тоқтамады.
Қонақүй кешенінің одан кейін даму тарихы қазақстанның Ресей құрамына енуімен байланысты. 19 ғасырдың бірінші жартысының соңында Қазақстанның ресейге қосылу процесі аяқталды. Бұл жағдай тек әскери бекіністер ғана емес, жаңа қалалар мен жаңа жолдардың салынуына септігін тигіссе, нәтижесінде белглі бір түрдегі қонақ үй кешенін дамыту қажеттілігі туындады. Сол кезеңдегі қонақ үйдің мысалы ретінде, пикеттерді (түнеу орындарын ұсынатын мен аттардың, экипаждардың ауысатын жеке пошталық аулалар), қонақжай палаткалар мен шатырларды айтуға болады [1].
Қаланың ары қарай дамуы, оның Алма-Ата болып атауының өзгеруі, астана статусына ие болуы, қаланың әкімшілік-сауда орталығы ғана емес, қонақ үй шарушылығы мен дамушы инфрақұрылымы бар өндірістік, мәдени орталық ретінде дамыды.
Аламаты қаласында қонақ үй кәсіпорындарының одан әрі қарай дамуына Қазақ ССР-да социалистік құрылыс кезеңі әсерін тигізді.і өндірістің дамуымен қала да дамыды. Жолаушыларды қабылдайтын шағын ағаш үйшіктердің орынына «Дом Советов» қонақ үйі салынды. Жалпы алғашқы бесжылдықта Алматыда үш қонақүй салынды [4].
1960 жылдан бастап типтік жобалар бойынша индустриалдық әдіспен мәдени-тұрмыстық нысандардың кешенді құрылысы басталды. Социалистік құрылыс жылдарында Алматыда «Алатау», «Алма-Ата», « Жетісу», «Тұлпар», «Иссык», «Казахстан», Казпотребсоюз қонақүйі, «Медео», «Спорт», «Туркістан» қонақ үйлері салынды.
Бұл кезеңнің алғашқы қонақ үй кешендеріне « Алма-Ата», «Медео», «Казахстан» және «Отырар» қонақ үйлерін жатқызуға болады. 1-ші кестеде 1983 жылғы олардың қысқаша сипаттамасы келтірілген.

Кесте 1
Совет кезеңіндегі Алматы қаласының кейбір қонақ үй кешендерінің сипаттамасы [1].

Қонақүй кешенінің атауы Құрылыс датасы Мекен — жайы Архитекторлары Кешеннің, қызметтің қысқаша сипаттамасы, архитектуралық ерекшелігі Сыйымдылығы

«Алма-Ата» 1967ж Калинин көшесі ,85
И.А. Картаси, Н.И.Рипинский Қонақүйдің сегіз қабатты ғимараты майысқан садақ тәрізді. Архитектуралық біртектілікті жаппай балкондар тізбегінен көруге болады. ғимартта мейрамханалар, аптекалық, газет-журнал дүңгіршектері, пошта, халықаралық байланыс телефондары, әуебелеттер сату кассасы, сақтау камерасы мен шаштараз бар. Қонақүйге кіре берісте субұрқақтары бар екі бассейн мен автотұрақ бар. 540 орынға 280 номер
«Медео» 1972 ж. Медео шатқалында. В.З. Кацев, С.В.Коханович, А.С.Кайнарбаев, И.Г. Косогова Совет және шетел туристері мен спортшыларын (жылына 23 мыңнан артық) күтуге арналған. Іле Алтауымен жорықтар ұйымдастырылады. Банкет және камин залдары, бар, буфет, 500 орындық мейрамхан (қосымша жаздық 120 орын) бар. саябақ зонасында теннис корты, волейбол және би алаңдары бар. Ғимараттың каркасы темірбетоннан қызыл беде тәріздес орындалған. 348 орынды. Туристерге 180 бір және екі орынды және люкс типтес орындар ұсынылады. …

© Дипломдық жұмыстың толық нұсқасы

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: