Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Тұрлыбекке) | Qazbrand.info

Тұрлыеке, үміткерміз бір құдайдан,
Қарада хан өтпепті Абылайдан.
Тұсында Абылайдың құтпан болған,
Сөйлейін баян қылып Жолдыбайдан.
Сұрасаң руымды Алтай-Қарпық,
Мен келдім дуаныңа шеру тартып,
Алым жоқ, рамат та жоқ, ел жайында,
Шен алдың осы күнде, ол бір анық.
Болғанда өзің советник, Жүсіп қазы,
Әулие боламысың бұдан артық.
Мал мен бас, бақыт, өнер — бәрі түгел,
Теңіздің мұқитындай тұрсын, шалқып



© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар