Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Пар жектім) | Qazbrand.info

Пар жектім қос күреңді сүмеңдетіп,
Жеріңе уәғада еткен келдім жетіп.
Уәғадан, өткен айдың жүзінде еді,
Барады әлденеше күндер өтіп.
Қарағым, қарақаттай — көз жанарың,
Ерігіп жаңа келді сөз ажарың.
Жармеңке — жас уақыт өтіп кетіп,
Бұл күнде тоқталып тұр сол базарың



© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар