Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Қалқама) | Qazbrand.info

Қалқама хат жаздырдым алақандай,
Тоғыз қыз бір өзіңнің садағаңдай.
Айналып дүние сұмға қолым тимей,
Талпындым көк қауырсын балапандай.
Өлеңім ағын судың басындай-ды,
Найзағай аспандағы тасындай-ды.
Алмасаң тар қойныңа өзің тартып,
Мойныңа өзім барып асылмаймын.
Басынан Бүркіттінің түн қатайын,
Шылбырын Кершұбардың шұбатайын.
Кершұбар маған десе арамқатсын,
Іздеп келген қалқама тіл қатайын



© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар