Өлең: Бозбеткей | Qazbrand.info

Ақжусаны бүрлеген бозбеткейді.
Бозбеткейдің шетіне көз жетпейді.
Тұлымшағын жел сүйген құлын бауыр,
Қарлығаштан хат жолдап тез жет дейді.

Соғақ судың жағасы Қызылқайың.
Түспесінші қалқатай жүзіңе уайым.
Ерке толқын жағаға асылады,
Айдынында сәулесі жүзіп айдың.

Қиық айдың астында тілкім қырат.
Қара сайдан келеді жылқым құлдап.
Жағалауға лақтырып ақ моншағын,
Сылқ-сылқ күліп аунайды сылқым бұлақ.

Қобда өзенін өрлеген қыз қарағай.
Бауырында бұлттардың жүзген арай.
…Жапырақтар жанымнан үзіледі,
Сары ормандай сарғайған күзге қарай.
Аскерхан АҚТАЙ



© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар