Өлең: Абдрахман Асылбек (Ләззат қыз — ғажап қыз) | Qazbrand.info

Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Топты бастап шықты Ләззат алаңға,
Толған шақта он алтыға не бәрі.

Қайырмасы:
Қаһарман қыз, ғажап қыз,
Ұрандады Ләззат қыз:
«Жасқанбаған жауынан,
Біз қазақпыз, қазақпыз!
Біз қазақпыз, қазақпыз!
Өмір керек азапсыз.
Ел боламыз егемен,
Сонда ғана азатпыз!».

Азаптады қарақшылар қанқұйлы,
Қазақ қыздар қорлық көрді сан қилы.
Арпалысып теңдігі үшін халқының,
Батыр Ләззат желтоқсанда жан қиды.

Қайырмасы.

Елі үшін ерлігімен елене,
Абырой мен атағына бөлене,
Ләззат сынды қазақ қызы қаһарман
Ұрпағына болар мәңгі өнеге.

Қайырмасы.



© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар