Қазақша өлең: Бақдәулет Арыстан (Алаңдаймын) | Qazbrand.info

1. Өзіңді ойлап батамын тұнық мұңға,
Өзге жанның құшағын жылыттың ба?
Амал қанша ақ құсым қолдан ұшты,
Тағдыры оны жылатпа?
Келмейді екен бірақ та
Ұмытқым да…

Қ/ы

Өкінішпен өткенге
Өртенеді от кеуде
Жаз да, қыс та, күзде де, көктем де
Уайымдаймын көп менде…

Қандай екен жан-жары,
Мұңды ма деп таңдары,
Ғұмырына алдағы
Алаңдаймын!

2.Мен сен үшін тек қана ән болайын,
Қалай естен шығарып алданайын?
Сағыныштың сөндірмей таңғы арайын
Барып бала кезіме
Бір көрінші көзіме?
Таң қалайын…



© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар