Қазақша өлең: Сенуге болмайды ешкімге | Qazbrand.info

Қамшының сабындай бес күнде,
Алданба ғажайып кескінге.
Сенуге болады өзіңе
Сенуге болмайды ешкімге.

Жалғанның бір тұтам құйрығы,
Шындықтың шынайы сый-құны.
Алланың ақ жолы ақиқат
Пенденің өзгерер пиғылы.

Біреулер ісіңе құмартып,
Біреулер жатады мін артып.
Орынсыз өтірік мақтаудан
Орынды айтылған сын артық.

Ақкөңіл адал дос қайдасың?
Ескертіп қоятын айласын.
Жалықтым жасанды жандардан
Ойлайтын басының пайдасын.

Қамшының сабындай бес күнде,
Алданба ғажайып кескінге.
Сенуге болады өзіңе
Сенуге болмайды ешкімге.
Жәнібек Салқынбек



© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар