Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ӨМІР ШІРКІН) | Qazbrand.info

Бір күн өтті , оралмас өкінемін ,
Жасымашы жүрегім өтінемін .
Көңілдегі арманым өлең болса
Қалайша мен шамымды өшіремін .

Ойларымды ойласам таусалмаймын ,
Жыр жолына түсірмей жаталмаймын.
Даналықпен өтіпті бабаларым
Дәл солардай болам деп айталмаймын.

Сәл шыдашы жүрегім сабыр қылғын ,
Білесің бе , қиялдың ұшқырлығын ?
Көз алдыңа бір әуен ызыңдаса
Дүниенің көремін ұтқырлығын ? !

Бір қызық қой айналаң өмір шіркін ,
Алтыннан да қымбат қой ойын – күлкің .
Жазылады ақ парақ , жыртылады
Уақытпенен жарысып дүркін – дүркін .

Түні бойы отырып жыр іздеймін ,
Өтер уақыт шаршауды білгізбеймін .
Өмір айқас мен оны жеңе білсем
Өткен күнге орынсыз өкінбеймін !



© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар