Қазақша өлең: Серікбай Маханов (КҮЗ БЕЛГІСІ) | Qazbrand.info

Күз белгісі , тал жапырақ сарғайған ,
Жел еседі гуілдеп кеп шалғайдан .
Боз қыраулар ізін салған бұтақтан
Ән естіледі шырылдаған торғайдан .

Үн қатады тылсым күз тықырлап ,
Аласұрып жаздың тағын сиқырлап .
Сан алуан шимайлаған бояуын
Құйып жатыр құйын келіп ұрғылап .

Кең даланың көзін тауып аптығып ,
Сілкінеді бар ашуын лақтырып .
Зуылдайды алға қарай ілгерлеп
Күздің жолын табиғатқа таңдырып .

Шаң көтеріп будақтайды қыр сызып ,
Асықтырып күн сәулесін сырғытып .
Құлап жатыр гүл шоқтары қуарған
Солып бітіп , аяқ асты булығып .

Шатқалдардан нар қамыстар шулайды ,
Жүрегінің ар – намысы тулайды .
Білеуленіп тамырыңнан соққан қан
Бір ұраға жастық шақты жинайды.

Өткен күндер көрінбейді ойлаймын ,
Болашақты арманым деп жырлаймын .
Түн ішінде күз ауласын қызықтап
Өлеңменен уақытымды ұрлаймын !



© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар