Қазақша өлең: Қажытай Серікжан (Жасыру қиын…) | Qazbrand.info

Жасыру қиын,жанымды,тіпті жасымды,
Білмеймін қалқам,өзіңе қалай бас ұрдым?
Жүректі қойшы,жаралы болған бұрыннан,
Қалайша қалқа,жаулап сен алдың басымды?
 
Құдірет көкте,періште көкте,тек үнсіз,
Сезімді қайтем,жарылқап қойған сенімсіз.
Сырылып барып,жүрекке тастап нұрлы ой,
Оянып кетті елеусіз.
 
Жанып та көрдім,барып та көрдім қырылып,
Махаббат келді,махаббат кетті жұлынып.
Сүйетін сені,күтетін сендік жүректің,
Иесі,біраз сырын ұқ.
 
Кешірші егер,жар қылып кетсем қолыңды,
Білмеймін қалқам,болмауды әлде болуды.
Кетсеңде қайда,кетсеңде қайда күтемін,
Періштем сенің жолыңды.
 
 
 
 
**//**
сен мені кешір қара меңдім,
тереңдеді баяғы жараң енді.
өбектетекен біздерді бала сезім,
сол  бір түн арам өлді.
 
сен мені кешір,бұла тағдыр,
бір құлатты әлі де құлатады.
өбектеткен біздерді бала сезім,
тағдыр емес жіберген күнәһар ғып.
 
 
 
 
сен мені кешір,қоңыр көздім,
жолдан ауып кетерін өмір сезді.
баяғы бала сезім сайда өліп,
екеумізге қимастық қолын созды.
 
қимастық-ай бір қайта берілсе еді,
бала сезім қайтадан көрінші енді.
сол бір түн мен ертерек ержеткен ем,
кешір мені біреудің келіншегі.



© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар