Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Еркетай) | Qazbrand.info

«Таныспаймын, кешір»,- дедің сен кеше,
Таныспай-ақ сөйлесейік ендеше!
Бірақ, бірақ, не істей алам мен саған,
Тəкаппарсып сөйлескің де келмесе?!

Түн қиналып, күн мұңайдым сені ойлап,
Ер жігітке қонбайды екен оңай бақ…
Сені Құдай кездестірген сол күннен,
Бақыт жайлы көрген түстер молаймақ.

Сөзге келмей, көзге ілмесең өзің біл!
Мен, мен едім – жалғыздыққа төзімді ұл!
Жүрегімде құлпырған сəт сезім – гүл,
Саған, Еркем, ессіз ғашық кезім бұл!

Қайтем, бірақ, гүл сезімім тапталса?
Соны ойласам – жүдеп күзгі бақтарша,
Үміттерім өшіп жатыр бір-бірлеп,
Саған жазып, жібермеген хат қанша.

Жүрегімді емдер сөзің емдесе,
Соны ұқтым Сені көріп Мен кеше.
Сенсіз Менде қызық та жоқ, қыз да жоқ,
Сенде ше?!



© Дереккөзі

Рейтинг
( No ratings yet )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз:
Бәрі бар