Кейде-кейде шындық айтып ақырып,
Алмайықшы асау ойды шақырып.
Асау ойдан тілің қалса шығылып,
Ар-ұжданың ұяттан қалар зарығып.
Ойлап айтқан озар шіркін қашанда,
Ойы өріс қиялыңнан жасқанба.
Ашу менен ой-өрісін былғама,
Қаламыңмен жыр көркін жазғанда.
Жүгенсіз ой тіл біткеннің соры ғой,
Қай биікке шығарады долы ой?!…
«Сабыр» деген Құранда бар,
Құранда
«Сабыр» деген шын мұсылман жолы ғой.
© Дереккөзі