Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Жаратқан. Тілек. Бақ) | Qazbrand.info

Жаратқан жар болып тағы да,
Әр берді зарыққан бағыма.
Ол сондай қамқоршы ой жетпес,
Нығметі сыймайды басыңа.

Содан мен адал жар тіледім,
Даурыққан сәтінде жүрегім.
Көктемде мұң құшып сыздатқан,
Жазымда күз болып түнердім.

Жеркеніп өмірдің заңынан,
Тіледім иманды жанынан.
Дәм тұзы біткенше өшпейтін,
Жылуды тіледім таңынан.

Тірлікке байланбас күлкісі,
Жеңілге антоним жүрісі.
Ет-жаны елжіреп «арым» деп,
«Кезіксе» деп едім нұрлысы.

Жеті қат түндерде жалынғам,
Барыммен, нарыммен табынғам.
Жаратқан қабылдап тілекті,
Құралай сен шықтың алдымнан.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: