Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Бөпем, бөпем, бөпешім…) | Qazbrand.info

Бөпем, бөпем, бөпешім,
Бүрін жарған көкешім.
Бұл өмірде өзіңе,
Қамқор болып өтемін.

Тәй-тәй бассаң шаттанам.
Ал күлкіңнен бақ табам.
Балдай тәтті тіліңмен,
Керегіңді айт маған.

Құшсам бақыт табамын,
Жақсы әсерде қаламын.
Үйді шашсаң артыңнан,
Жиып бәрін аламын.

Бағың үшін тырысамын,
Уайымдама бұл жағын.
Өзің үшін кейде мен,
Анаңа да ұрсамын.

Болашақты білмеймін,
Бірақ бейқам жүрмеймін.
Қолды жайып Алладан,
Тілеуіңді тілеймін.

Бөпем, бөпем, бөпешім…


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: