Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Азат күн) | Qazbrand.info

Атыңнан мен айналайын сыр тұнған,
Тәуелсіздік тұғырым-ай, нұр тұнған!
Ата Заңын алаулатып қайтадан,
Алла қалап Әбішұлы Нұрсұлтан!

Ұлы арман санамызда жаңғырған,
Мына қазақ өрлі рухын сайлағын.
Алдымызда қырат жолдар сырға мол,
Ұлы ерлік қол бұлғап тұр қайтадан.

Сенімі бар,
Қуаты бар,
Намыс бар!
Ұлы тарих қазағыммен табысар…
Жүрек қайсар,
Көңіл дала,
Ойы нар,
Мына ғасыр ұлы елмен танысар.

Алла бізді көз тиюден сақтасын!
Ел ағасы ел үмітін ақтасын.
Қазақ тілі,
Діні,
Ділі,
Дәстүрі,
Босағада қайыр тілеп жатпасын.

(Тағдырана ыңғайланып осы елдің),
Мәңгі елдің, кең жеріне төрлегін.
Он бір әріп «сөз атасы» атанған,
Қасиетті Тәуелсіздік қош келдің!…
2016 ж.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: