Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Кетейікші бір жаққа) | Qazbrand.info

Барайықшы жылғаға,
Барайықшы жылғаға.
Барайық та жылғаға,
Тебейікші сырғанақ.

Барайықшы суатқа,
Шығайықшы қыратқа.
Шығайық та қыратқа,
Бөленейік шуаққа.

Аяз ұрған ақпанда,
Аунайықшы ақ, қарға.
Қайтайықшы бір барып,
Қайран бала шақтарға.

Барайық та жылғаға,
Тебейікші сырғанақ …
Ақ күмбездер — әжелер
Алыс жақтан түр карап.



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: