Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Өмірге тоймас адамзат) | Qazbrand.info

Аруды таңдап сүйсе де,
Алтынды үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
Арманын қоймас адамзат!
Ілімді түгел білсе де,
Қызығын көзбен көрсе де,
Қапалы күні қабарып,
Қайғының түні төнсе де,
Үмітін жоймас адамзат!
Жақындап ажал тұрса да,
Жанына қылыш ұрса да,
Қалжырап, көңілі қарайып,
Қара бір көзін жұмса да,
Өмірге тоймас адамзат!



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: