Қазақша өлең: Үмбетей жырау (Биік тауға жарасар) | Qazbrand.info

Биік тауға жарасар
Ығынан тиген панасы.
Терең сайға жарасар
Тобылғылы саласы.
Ер жігітке жарасар
Қолына алған найзасы.
Би жігітке жарасар
Халқына тиген пайдасы.
Ақсақалға жарасар
Тілеуқорлық айласы.
Бәйбішеге жарасар
Еміздіктеген сабасы.
Келіншекке жарасар
Емшектегі баласы.
Қыз он беске келгенде
Шашынан көп жаласы.
Бұл жалғанда бір жаман —
Ағайынның аласы.



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: