Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Бөкен тонын жамылса) | Qazbrand.info

Бөкен тонын жамылса,
Көкірегі қабынса,
Теріс қабаққа бағынса,
Ажалы жеткен майталман,
Көп ұзамай табылса,
Бұл — сұр мергеннің реті.
Ер жігіт елін меңгерсе.
Жетімдерге жем берсе.
Жесірлерге жер берсе,
Алдыңда тентек жөнделсе,
Әділдігін ел көрсе,
Бұл — азаматтың реті.



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: