Қазақша өлең: Абыл Тілеуұлы (Орғи-орғи жүгірген) | Qazbrand.info

Тілеумағанбет өлгенде әкесі Бектұрлыға тұспалдап айтқанына түсіне қоймағасын, Абыл осылай айтуға мәжбүр болыпты:
Орғи-орғи жүгірген
Ор қояннан жүйрік жоқ.
Сәті түсіп кездессе,
Ұстайын десең, құйрық доқ.
Өлшеулі күні біткен соң,
Ажал келді, тиді оқ.
Пешенттеп жазған ақ қағаз
Енді оқуға бұйрық жоқ.



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: