Қазақша өлең: Абыл Тілеуұлы (Қар жауар күн-түн оның қабағынан) | Qazbrand.info

Қар жауар күн-түн оның қабағынан,
Жалбырар байтабасы балағынан.
Көк шұнақ лағы өлсе көгенінен,
Ойлайды азаяр деп жегенінен.
Ол жігіт отын алар, ошақ қазар,
Шықпайды қатынының дегенінен.
Ол жігіт отын алар, ошақ қазар,
Отырып от басында болар мазар.
Сөйлесіп азаматпен ақыл қоспас,
Сөйлесіп қатынымен дертін жазар.



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: