Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен оның құшағында) | Qazbrand.info

Мен оның құшағында,
ол сенің құшағыңда —
алдаймыз өзімізді және… ол байғұстарды;
Біз бұлай азаптап ек қай дұшпанды?!
Мен оны сен деп құштым, сен оны мен деп құштың:
арпалыс. Жүректер мұз. Денені, оны алдайсың.
… Ал астан жерінгенмен, аштықтан өле алмайсың!
1978



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: