Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Баланың еркелігін) | Qazbrand.info

Баланың еркелігін
шытынап, көтермейміз.
Үш жаста-ақ ел сенімін
ақтаса екен дейміз.
Ойлаймыз: жүгірмесе,
сұрақтар бермесе көп,
көр-жерге үңілмесе,
жаныма келмесе деп.
Жүр дейміз арыстан боп
қарғитын қара құздан.
Өзіміз данышпан боп
туғандай анамыздан.



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: