Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен саған сыр айтамын) | Qazbrand.info

Мен саған сыр айтамын:
біреулердің қайтеміз құр айтағын,
сезе тұрып қайғысын соңындағы;
білеміз ғой — қателік со жылдағы,
өкпе, наз бен жел-өсек — соның бәрі
сені менен мені тек мұңайтарын,
жел ескендей желпісіп жұрт етегін,
біздерді күлкі етерін;
сайқал-мысқыл ойнақтап жүздерінде,
жанашырсып жат жандар бізге мүлде;
мүләйімсіп түртетін бос қораны
аула-жайдың қорсылдақ шошқалары,
бұл күнде төс қағады
көктемде аузы тигендей күзгі егінге.
Мен ұққаным — осының бар «шатағы» —
тек бізді шаршатады:
екеуіміз де соншалық тырыссақ та
тіпті сәлемдеспеуге дұрыстап та;
ұмтылсақ та өзгемен ұғыспаққа —
содан біздің қайғымыз қанша тағы!
Мұның бәрі — бізді бір-бірімізге
одан сайын еріксіз аңсатады.



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: