Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Әкеме) | Qazbrand.info

Сонымен құладың ба, тас қамалым,
Қалмады күйініштен басқа амалым,
Зиратың аяқ асты болмасын деп,
Бұзылған қорғанымнан тас қаладым.

Шынымен құладың ба, шым қорғаным,
Шынымен өртендің бе, нулы орманым.
Әке, сенің өміріңді жалғамасам,
Құрып кетсін жер басып, ұл болғаным!



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: