Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Қазақстаным) | Qazbrand.info

Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Паң далам — Қазақстаным!
Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,
Түсінем өзендердің саз — ағыстарын.
Қырандар қанатында даңқы кеткен
Ғазалым — таусылмайтын таза нұсқалы.
Ән далам — Қазақстаным!
Сен менің шұғылаға толған даламсың,
Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.
Бабамның көздерінің қарашығы ең,
Баламның бақытына да қорған боларсың.
Жан далам — Қазақстаным!
Керемет өріледі гүл өңірде өлең,
Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген!
Дарқандығын сезініп, еркін басып,
Өмір сүргім келеді, ұлы Елімде мен!
Кең далам — Қазақстаным!



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: