Қазақша өлең: Ескендір Хасанғалиев (Елігім — еркем) | Qazbrand.info

Қиялымды көкке өрлеткен,
Елігімді көктем еткен.
Елігімсің — еркем менің,
Хабарыңды көптен күткем!

Қайырмасы:

Жан дауасы сенен деймін!
Сенсіз күйге бөленбеймін.
Бір сәлемің жетер-ау деп,
Елігім-ау, елеңдеймін.

Тағдыр берген саған көрік,
Қарай берсем, табам ба ерік.
Елігім-ау, жетпей қойды,
Сенсіз көктем маған келіп.

Қайырмасы:

Елігім-ау, жүремін ғой,
Сен туралы көп ойланып.
Оралмай жүр жыр айналып,
Қона алмай жүр ән айналып.

Қайырмасы:



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: