Қазақша өлең: Тоқтарәлі Таңжарық (Иек сүйеу) | Qazbrand.info

Үн-түнсіз. Жым-жылас.
Есік пен терезе –
Мәңгілік ашылмас кейіпте. Жабылған.
Әлдене аңсайсың. Кебедеі кенезең.
Масалар ызыңы билеген қабырға –
Ол да үнсіз! –
Қиялға шомылған.

Кірпікте қара түн түнеріп,
Қарашық ішінде мұң ағып…
Екеуміз сүйетін бұл өмір
Барады, ә, осылай қуарып…

Қасірет иектеп жанымды,
Жұбатар едің ғой күрсінсем.
Бейуақ сыңсиды қалың ну:
«Қай жақта жүрсің сен?»

…Үзілген үмітті жалғар кім?
Ұзақ түн ғасырдан.
Ертеңгі ататын таңдардың
Парағы шашылған…



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: