Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Бақ, дәулет, мал бітерде ырыс қонар) | Qazbrand.info

Бақыт, дәулет, мал бітерде ырыс қонар,
Ынтымағы ағайынның дұрыс болар.
Бала пайда күнем болар,
Жалшы жауынгер болар.
Келін епті болар,
Көп көрініп жау қашырар,
Көмектен қонақ аттандырар.
Адамы қырлы болар,
Малы түрлі болар.
Иті үреген келер,
Тіркеген малы жүреген келер.
Бақ, дәулет, мал кетерде ырыс қашар,
Біреуі біреуіне пәле жасар.
Бала пайдасыз болар,
Жалшы жалқау болар.
Қызы қылықсыз болар.
Келіні керенау болар.
Қатыны салақ болар,
Ат мінсе, жалақ болар.
Адамы қырсыз болар.
Малы түрсіз болар.
Иті үрмес,
Тіркеген малы жүрмес.



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: