Қазақша өлең: Ақерке Асан (Ақ түндер…) | Qazbrand.info

Ақ түнде өрiлген ақ өлең,
Таңым да әппақ сен едiң!
Алдайтын жиi сағыммен,
Өзiңдi iздеп келемiн…

Ақ түндер — жұлдызсыз жорамал,
қараумен жүрсiң бе жолымды?!
Йыққа төгiлер орамал,
Аппақ боп қалды қолымда.

Өзiңдi iздеп келемiн,
Өзiмнен бiрақ алыстап.
Теңiзде жалғыз кемемiн,
Сен тұрсың жағада гүл ұстап.

Ақ түндер…
Ақ өлең жалғасқан,
Ақ желкен көрсең — елесiм.
Жағада айналар жар — тасқа,
Келмесе қайтып кемесi…

Сол күнi сен де жартас боп
Тұрарсың жасыма жуынып.
Ақыры адамды тас қылар —
Ақырын үзiлген қу үмiт…

Ақ түн боп қалшы сөнбейтiн,
Аспаннан төгiлген өлеңiм!
Жағаға қайтып келмейтiн
Мен ендi кемемiн, кемемiн…



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: