Қазақша өлең: Жандарбек Бұлғақов (Валентин түні – қоштасу ар-ұятпенен) | Qazbrand.info

Албырт жастар дүкенге аптығып барып,
Валентин күнін тойлайды открытка алып.
Жатқанын-ай аузымен мұсылмандардың,
Бір дінсіздің есімі қатты ұлықталып.

Сүйем десе де басында бақ тұрмайтындар,
Ажырасу мен жанжалды жат қылмайтындар.
Валентинканың жәшігін нығыздап жатыр,
Садақаның жәшігін жақтырмайтындар.

Үйіп-төгіп 14-ші ақпан күнәні,
Шайтан малғұн жастарға қақпан құрады.
«Ғашықтар хаты қызыма көп келіпті» деп,
Ессіз ана ел-жұртқа мақтан қылады.

Төлі жоғалса қалайша бейғам қарасын,
Шарқ ұрып іздейді айуан баласын.
Кеш бата кеткен ұлына іздеу салмайтын,
Айуан құрлы жоқ әкеге қайран қаласың.

Валентин күні – достасу коньякпенен,
Валентин түні – қоштасу ар-ұятпенен.
Некесіз жүрмек түгілі ата-бабамыз,
Жарына деген сезімін жария етпеген.

14-ші ақпан! Қызың мен ұлыңа қара,
Некесіз туса немерең ірі бола ма?
Күнәға толы мейрамға тыйым салмасаң,
Мұсылмандықтың тиындай құны бола ма?



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: