Неге ауыр болды екен жолым менің?
Кімнен көрем тірлікке жоғын ебім?
Жеті түнде отырмын жетімсіреп,
Сағыныштың өртеніп шоғына ерін.
Жапырақ қып тізем деп талға мұңды,
Аласартып алдым ба талғамымды?
Жерде-Сіз, аспанда-Ай ұғынар ма,
Қуануды ұмытып қалғанымды?
Жырымды оқып беретін жазылмаған,
Сізден көрі Ай жақын қазір маған.
Неге менен аяды мейірімін,
Жарылқауға басқаны әзір ғалам???
© Дереккөзі