Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Шербет пе екен бұл сезім…..) | Qazbrand.info

Шербет пе екен бұл сезім, шекер ме екен,
Басымнан бұл-бұл ұшып кетер ме екен?
Санама сіңіп қалған есіміңді
Ұмытуға ғұмырым жетер ме екен?

Жан азабын айта алмай бір адамға,
Жарылуға шақпын мен, кінәлама.
Сен сүйеу болса дегем, мына тайғақ
Тағдырымнан сүрініп құлағанда.

Көңіл қалып, оранды төзім кебін.
Сеніп ем: өлең дедім, өзім дедім.
Махаббат па, басқа ма, айырмадым
Жарық күнде зағип боп көзім менің.

Алданышым, арманым, аңсарым ең,
Сезімнің таба алам ба сарсаңына ем?
Қалықтата алмасаң, қанатымды
Қия салшы. Шаршадым. Шаршадым мен…



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: