Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Кіналай алмаймын ғой….) | Qazbrand.info

Кіналай алмаймын ғой —
Жүректің мұзы ерімей,
Болмаса күрсінгенім.
Куйінгенім.
Тағы да тұман көңіл.
Тағы да күмәнді өмір.
Тағы да үмітсіздің үйіндемін.
Алдайды сағым неге?
Жанбайды бағым неге?
Тағдырдың таусылмады-ау зауалы мың.
Аңсадым неге сені?
Басады мұң еңсені.
Жауабын кім айтады сауалымның?
Жазғыра алмаймын ғой —
Жанарда тұнса да арман,
Қолыңда болса жалған,
Келер едің.
Алыстан сағынысып…
Өртеніп, жанып-ысып,
Жаныма білмей кеттім не керегін…



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: