Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Жүрегімде жалғыз аққу бар менің….) | Qazbrand.info

Жүрегімде жалғыз аққу бар менің,
Таңсық оған тіршіліктің сыны әлі.
Тауып бере алмадым-ау жан емін.
Әлде адасып кетті ме екен сыңары?

Кеше түнде тағы да алды мазаны.
Енді қалай жер бетіне сиямын?
Құлағыма бір үн келед азалы,
Шырқау көкке шарықтаса қиялым.

Не сау емес, не жынды емес, хал бөлек,
Хаққа жетпей, қайтып келді тілегім.
Көз алдымда барады өмір дөңгелеп,
Неге маған ұстатпайды ол білегін?

Алдайды тек, бәрі алдайды, бос үміт.
Кетсем бе екен ештеңеге қарамай?
Қарашығы құстың мұңын көшіріп,
Аспанымнан үнсіз ауып барады Ай…



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: