Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Дертіңе қалай төземін….) | Qazbrand.info

Дертіңе қалай төземін, сенсіз де сынық қанатым.
Адасқан мен бір сөз едім, Тәңірім ғана табатын.

Жазмышым жұмбақ жасырған, жауабын мен де ұмыттым.
Жаураған мұздай ғасырдан, жанымды неге жылыттың?

Жылыттың неге жанымды, өртеніп кетсін дедің бе?
Ұмытып мүлде барымды дерт еміп кетсін дедің бе?

Көрдім де сені күйге ендім, қалықтап көкте жүргендей,
Үміттенуді үйрендім үркеншек көңіл үндемей.

Жер басып жүрген сүлдем тек, ақша бұлт болды аңсарым.
Мен мүлде өмір сүргем жоқ, армандауменен шаршадым!

Тұман да тұман таңдардан қалайша таптың сен мені,
Жазылмай қалған маңдайға, ей, тағдырымның кермегі?

Тұмар қып жырға тағатын қасиет толы сөз едім.
Сенсіз де сынық қанатым, дертіңе қалай төземін???



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: