Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Досым еді кеше — Мұң….) | Qazbrand.info

Досым еді кеше — Мұң.
Тұтқынымын сен келмейтін қаланың.
Сен жүрмейтін көшенің
Және есіктің сен ешқашан ашпайтын.
Тағдырымды мен де бір күн тастаймын,
Елең қылмай елдің күңкіл — өсегін,
Жапырақтың жанарына көшемін.
Досым бүгін – Жел ғана.
Өзге әлемді көзіме де ілмеймін.
Ән салады ол тереземнің сыртынан.
Кімнен сені қызғанамын, білмеймін,
Жанымды жеп қойды әйтеуір бір күмән…
Ескі досым – Естелік,
Екеумізді төгіп отыр кесте қып.
…Мен бір күні кетемін бұл шаһардан,
Таусылады татар дәм.
Ұшам көкке – қап-қара гүл қолымда,
Қап-қара мұң… Жел тұрады жолымда…
Жаным, сонда бейітіме келме сен.
Бұл қалаға көрсетпеші жасыңды!
Жүрегіңде жыр қып қана тербе сен,
Көрмей-ақ қой менің құлпытасымды.
Жалын қылып жанымның бар арайын,
Жанарында жапырақтың,
Сосын сенің Жүрегіңде,
Жүрегіңде қалайын…



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: