Өлең: Күттім, сендім, бəріне де шыдадым | Qazbrand.info

Күттiм, сендiм, бəрiне де шыдадым,
Өз-өзiмдi жұбатып мен алдадым.
Күндер өтiп, айлар өтiп бip күнi,
Маган, жаным, келерсiң деп ойладым.

Күттiм, сендiм, бəрiне де шыдадым,
Сезімiмдi түсінсеңшi шырағым.
Қиын маған, қиын маған сен бiлшi,
Махаббаттың дертiне мен шырмалдым.

Күттiм, сендiм, бəpiне де шыдадым,
Орындалар қашан менiң арманым?
Аңсағандай аспандағы ай,
күндi,
Алыстасың, алыстап сен барасын.

Күттiм, сендiм, бəрiне де шыдадым,
Жаным ендi, ендi қалай шыдаймын?
Сағындырмай, көп күттipмей келсеңшi,
Арманым-ау, асылым-ау қайдасын?
Гүлжаухар Сатан



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: