Қазақша өлең: Құралай Омар (Жеткізбей арманыма іркеді күн….) | Qazbrand.info

Жеткізбей арманыма іркеді күн,
Сағыныш торлап жанды, бүркеді мұң.
Жанарым мөлдір тамшы төккенінде
Жүрегін орамал қып сүртеді кім…

Сөздерің сенің ғана жылытады,
Көңілдің өзіңе аян сыры тағы.
Күнтізбе бетін санап отырамын,
Жылжымай ол да дымды құрытады.

Сергелдеңге салады күнім, түнім.
Уысында уақыттың үгітілдім.
Күтуден талып кетті қарашығым,
Көзінен өпші келіп үмітімнің.



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: