Тәкаппарлау талғамым…
Содан ба екен, тек жалғыздық жалғаным.
Арманым…
Телефонмен…
Үнсіздікке ұйыдық.
Сездіңіз бе,
Айтарымның езуімде қалғанын.
Тыныштықпен жасырдым…
Төзім – сары, жүрегімде жасыл мұң…
Алматының нөсеріндей
Жаудым дағы басылдым.
Сынығы деп асылдың,
Сүйкімді өмір — қиялымда тасылдым.
Жоқ бақытты іздесіп,
Әлемімде сіз жүресіз жүздесіп.
…Күз кешіп,
Жапырақтар сабағынан үзілді
«Сағынышым сіз» десіп.
© Дереккөзі