Қазақша өлең: Құралай Омар (Махаббатта көз болмайды) | Qazbrand.info

“Махаббатта көз болмайды” деп едi.
Жаным жылып, жадырадым… Ызғарсыз.
Ойламауым мүмкiн емес, себебi,
Жүрегiмнiң лүпiлiнде сiз барсыз.

Сағынамыз… Асығамыз жетуге…
Жанарымда мөп-мөлдiр боп тұндыңыз.
Күндер күлiп, сәттер сырғып өтуде,
Содан берi бақыттымыз… мұңдымыз.

Тағдырыма ойда жоқта тап болып,
Орадыңыз бiр өзiңiз санамды.
Жеткiзе алмай сезiмiмдi жақ толып,
Тек өртенiп, жанам-ды…



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: