Қазақша өлең: Құралай Омар (Аспан бүгiн….) | Qazbrand.info

Аспан бүгiн ағыл-тегiл жылады,
Мөлдiр тамшы қара жерге төгiлiп.
Жанарымның моншақтары құлады,
Көңiлiмнiң қабырғасы сөгiлiп.

Келмес сәттi ойладым да, ерiдiм,
Аңсағанмен оралмайды алайда.
Жаңбыр – тамшы жүздi жуды, серiгiм,
Аспан болсам көрер едiң қалайда.

Көкiрегiмнен күмбiр-күмбiр күй ақты,
Ақша бұлт боп қайда көштiң, тұрақта.
Аспан шексiз, қиялдарым сияқты,
Ол да жалғыз бiрақ та…



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: