Кімге барып шағынайын,
Білсең, айтшы, жарық Айым?!
Мына сұп-сұр тірлігімді
Тастайын ба, неғылайын?
Бұл мұңымды жан ұға ма,
Дос емеспін сабырға да.
Сор маңдайым сүйенеді
Тастай суық қабырғаға.
Өмір заңын біле алам ба?
Айналам ба пірадарға?
Бар жазығым-сүйгім келген…
Сенгім келген бір адамға…
© Дереккөзі