Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Тағасың ең әдемі сөздеріңді….) | Qazbrand.info

Тағасың ең әдемі сөздеріңді
Меруерт моншақ қылып мойыныма.
Бағы асып басқа сүйді көздеріңді.
Не істермін өмірімнің ойынына?

Жаз өтіп, күз келгенде басқа мынау,
Кезігіп, арманшыл қып тастадың ау!
Ұшамын ай аралап, күнге қонып,
Құшағым қызыл-жасыл гүлге толып…

Не етер ем көп ішінде еленбесең?
Мен үшін өмір де сен, өлең де сен.
Кептер қып жіберер ме ем жүрегімді,
Қадірлім,-Келем,-десең, -келем, — десең…

-Әйтеуір бір күні,-деп тек алдайсың.
Білемін, білемін ғой, келе алмайсың.
Кім ұқсын арамызда қамал барын,
Сен шыда, ал мен, жаным, амалдармын…



© Дереккөзі

Рейтинг
( Пока оценок нет )
Осы жазба ұнады ма? Достарыңызбен бөлісіңіз: